Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін кім қолдануы мүмкін?

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін кім қолдануы мүмкін?

Бұл режимді келесі жағдайларда пайдалануға болады:

•компаниядағы қызметкерлер саны 200-ден кем;
•компанияның жылдық табысы 600 000 АЕК-тен аспайды (2024 жылы 2 215 200 000 ₸);
•компанияның қызмет түрі ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы №393 Қаулысымен бекітілген тізімге кіреді.
Бұл тізімде 364 қызмет түрі бар. Оларға бөлшек сауда, өндірістің әртүрлі салалары, құрылыс, жөндеу, тасымалдау, ауыл шаруашылығы және басқа да көптеген бизнес салалары жатады. Егер компания бірнеше қызмет түрімен айналысса, бірнеше ЭҚЖЖ кодтарын көрсетуге болады, бірақ олардың барлығы осы тізімде болуы тиіс.

Бөлшек салық режимінің ерекшеліктері
Бөлшек салықтың арнайы режимінің басты ерекшелігі — ҚҚС-тан босату. Жылдық айналым 20 000 АЕК-тен асса да, есепке тұрудың қажеті жоқ.

Кәсіпкер компанияның кірісіне салынатын салықты белгіленген мөлшерлеме бойынша төлейді:
•4% — салық шегерімін қолданбайтын жеке тұлғалар мен компанияларға тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен табыстардан;
•8% — салық шегерімін қолданатын заңды тұлғаларға сатудан түскен табыстардан.
Оған қоса мәслихат өз қалауы бойынша 4% мөлшерлемені екі есе, яғни 2%-ға дейін төмендетуі мүмкін. Бұл арқылы жергілікті билік органдары өз аймағындағы белгілі бір бизнес салаларын, мысалы, ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандырады. Заңды тұлғаларға сатудан түскен табыс салығын төмендетуге болмайды.
Бұл режимдегі басқа төлемдер жалпыға бірдей белгіленген және жеңілдетілген режимде сияқты стандартты болып табылады.
Кәсіпкер өзі үшін келесі төлемдерді жасайды:
•МЗЖ (міндетті зейнетақы жарнасы) — жалақыдан 10% (әдетте, есеп айырысулар минимум 85 000 ₸ негізінде жасалады);
•Әлеуметтік аударымдар — жалақыдан 3,5%;
•МӘМСЖ (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары) — 1,4 ЕТЖ-дан 5% (2024 жылы 5950₸)
•ЖМЗЖ (жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары) еңбекақы — 2024 жылы жалақыдан 1,5%.
Қызметкерлер үшін келесі төлемдерді жасау қажет:
•МЗЖ — жалақыдан 10%;
•Әлеуметтік аударымдар — МЗЖ-ны шегергенде жалақыдан 3,5%;
•МӘМСЖ — жалақыдан 2%;
•МӘМС (медициналық сақтандыру үшін жасалынатын аударымдар) - жалақыдан 3%;
•ЖТС — МӘМСЖ, МЗЖ және АЕК 14 есе мөлшерде алдын ала шегерілген жалақыдан 10%;
•ЖМЗЖ — 2024 жылы жалақыдан 1,5%.
Бөлшек салықтың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Арнаулы салық режимінің негізгі артықшылықтары — жалпыға бірдей белгіленген режиммен салыстырғанда төмен мөлшерлеме, әлеуметтік салықтан және ҚҚС-тан босату. Сондықтан ол көптеген кәсіпкерлер үшін тиімді болып табылады.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің басты кемшілігі — бөлек есеп. Бұл режимде екі түрлі мөлшерлеме болғандықтан, жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеу бойынша екі салық тіркелімін жүргізу қажет. Арнаулы салық режимінің тағы бір кемшілігі — тоқсан сайынғы есеп беру (оңайлатылған режимдегідей жарты жылдық емес).
Кестеде бөлшек салық пен негізгі салық режимдерінің негізгі айырмашылықтары көрсетілген.


 
Бөлшек салық
Жалпыға бірдей белгіленген салық режимі
Оңайлатылған салық салу режимі
Негізгі салық мөлшерлемесі
·Жеке тұлғалармен жұмыс жасау кезінде 4% 
·Заңды тұлғалармен жұмыс жасау кезінде 8% 
·ЖК үшін 10%
·ЖШС үшін 20%
Қалғандарына 3% 
ҚҚС
жоқ
бар
бар
Әлеуметтік салық
жоқ
бар
бар, негізгі салыққа кіреді
Есепті кезең
тоқсан
жыл
алты ай
Есепке алудың күрделілігі
орташа деңгейлі күрделілік: екі салық тіркелімі
күрделі: есептеулердің көптеген түрлері
қарапайым

Бөлшек салыққа кімге ауысу жөн?
Барлық артықшылықтарға қарамастан, жаңа арнаулы режимдеріне бірдей сәйкес келмейді. Жалпыға бірдей белгіленген салық режимімен салыстырғанда, ол төмен мөлшерлеменің арқасында тиімді болып табылады. Бірақ жеңілдетілген режимнен ауысқан кезде кәсіпкер кейде пайда көрмейді. Салық жүктемесі нақты шарттарға байланысты болады және пайданы әрбір жағдайда жеке түрде есептеу керек.
Оңайлатылған салық режимінде жұмыс жасайтын екі жеке кәсіпкерлікті салыстырайық. Қызметкерлер жоқ мысалды қарастырайық: жұмысқа орналастыру нәтижеге әсер етпейді, өйткені жұмыс беруші қызметкерлер үшін кез келген салық режимінде бірдей төлейді.
Г.Жақсыбаева,
Қазалы ауданы бойынша МКБ
«Салық төлеушілермен жұмыс»
бөлімінің бас маманы



13 қыркүйек 2024 ж. 55 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30