Салық берешегі бар шоттар қандай жағдайда бұғатталмайды
Ұлттық экономка министрлігі салық заңнамасына салық берешегі мардымсыз шоттарды бұғаттауға тыйым салатын енгізілген түзетулер енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл 1 қаңтардан бастап пандемиядан зардап шеккен 114 қызмет түріне бөлшек салықтың арнайы 2 жылдық салық режимі енгізілген болатын. Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мерзім қоғамдық тамақтану саласы үшін 2023-2025 жылдар аралығында қамтиды. Салық ставкасы 6% мөлшерінде белгіленген. Режимнің басты ерекшелігі - режимді төлеушілер қосылған құн салық пен әлеуметтік салықты төлемейді. Мұның бәрі Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың арқасында мүмкін болып отыр. «Заңмен салықтық әкімшілендіру бөлігінде салық төлеушілердің қызметіне оң әсер ететін нормалар қабылданды. Мысалы, 6 айлық есептік көрсеткіш немесе 17 502 теңге салық берешегінің шекті мөлшері белгіленген. Одан төмен болса шоттарға тыйым салынбайды», - деп жазылған түсіндірмеде. Кодекске енгізілген түзетулер боынша банктерге салық төлеуші қарызды төлегеннен кейін бірден шот ашу құқығы берілді. Бұл салық берешегі өтеген шоттардың жылдам ашылуына мүмкіндік береді. «Мемлекет басшысының Үкіметтің 1 сәуірдегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейін зардап шеккен салаларда еңбекақы төлеу қорынан жеке табыс салық және әлеуметтік салық төлеуді кейінге қалдыру енгізілді. Бұл ереже бөлшек салық режимі үшін анықталған 114 қызмет түріне қолданылуы мүмкін. Пандемияға байланысты шектеу шараларына байланысты 2019 және 2020 жылдарға резиденттік сертификатын ұсыну мерзімі 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды», - деп жазады Ұлттық экономика министрлігінің мамандары. Аталған қадам шектеу шаралары кезеңінде қосарланған салық салуды болдырмауға бағытталған. Өйткені шет елдерде карантиндік шараларды енгізу себебінен құжаттарды ұсыну қиын. «Осылайша, қабылданған шаралар дер кезінде іске асты. Бизнес субъектілерінің айналым қаражатын ұлғайтуға және оларды басқа өндірістік шығыстарға бағыттауға, салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге мүмкіндік береді», - деп жазылған ресми ақпаратта.