Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етіп жатыр - Депутат

Халық бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етіп жатыр - Депутат

Фото: pixabay
Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығы бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етеді. Бұл туралы журналист Мақсат Толықбай әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Мыңдаған халықтың арыз-шағымы, тілегіне орай арнайы мәлімдеме жасағымыз келіп отыр. Бүгін “Аманат” фракциясының Мәжілісте арнайы жиынын өткіздік. Осындағы әріптестеріміз куә: осы жазда өңірлерді аралаған кезде, әсіресе Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай облысы, Жетісу өңірінде халық тарапынан ең көп қойылған сұрақ – уақыт белдеуіне байланысты болды. Олар бұрынғы уақыттың қайтарылуын талап етіп жатыр. Бәлкім, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан үшін осы уақыт белдеуі ыңғайлы шығар. Бірақ шығыс үшін тиімсіз. Біздің Шығыс Қазақстанда таңғы екі жарымда таң атады. Сиырдың мөңіреген дауысынан оянасың. Кешкі бес-алты тасқараңғы. Екінші, үшінші ауысымда оқитын оқушылар бар. Олар қалай қайтады? Ауылды жерлерде тіпті жарық жоқ.

Сондықтан, бүгін арнайы фракцияның жиынын өткіздік. Уәде еткендей алдағы уақытта Парламенттің жалпы отырысында Үкімет мүшелерін, ғалымдарды, мамандарды шақырып, тыңдау өткіземіз. Нақты ұсыныстарыңыз болса айтыңыздар. Үкіметтің нақты шешім қабылдауына ықпал етеміз, – дейді депутаттар.

Айта кетейік, биыл 1 наурыздан бастап Қазақстан жаңа уақыт белдеуіне көшкен болатын.
06 қыркүйек 2024 ж. 218 0

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031