Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң қазақстандықтар жарыққа көбірек төлеген

Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң қазақстандықтар жарыққа көбірек төлеген

Фото: Pixabay.com
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін қазақстандықтар жарыққа көп шығынданатын болды. Наурызда ел тұрғындары ақпан айымен салыстырғанда электр энергиясын 364 млн кВт/сағ артық пайдаланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Чёрный лебедь, рак и щука Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
1 наурыздан бастап Қазақстан бір уақыт белдеуіне көшті. Бұл шешім барлық тұрғынды қуанта қойған жоқ. Өйткені елдің көп бөлігінде таңның атысы мен күннің батуы өзгерді.

Мұндай өзгеріс қазақстандықтардың электр энергиясын бұрынғыдан да көп тұтынуына әкелуі мүмкін. Алайда сарапшылар “уақытты бір сағатқа артқа жылжыту электр энергиясын тұтыну деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді, сондықтан тұтынушы көп шығындалмайды” деп түсіндірді. Десе де, наурызда Қазақстанда электр энергиясын тұтыну мөлшері – 10,7 млрд кВт/сағ. Бұл ақпанмен салыстырғанда 3,5% немесе 364 млн кВт/сағ көп. 2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 5,1% немесе 521 млн кВт/сағ артық.

2024 жылы елде коммуналдық қызметтерге тарифтер өскенін (жылына 26,1%) ескерсек, шығын көбейіп кеткенін байқауға болады.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан тұрғындары бұрынғы уақытты қайтаруды сұрап, петиция жариялаған еді. Осыдан кейін сауда министрі біртұтас уақыт белдеуін алып тастау мәселесін қашан қарайтынын мәлімдеді.
24 мамыр 2024 ж. 241 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930