Бұрынғы уақыт белдеуі кері қайтарылмайтын болды
Фото: pixabay.com
Сауда вице-министрі Қайрат Балықбаев петиция талабына байланысты шешім жобасын жариялады.
«Мен алдын ала шешімді айтайын деп отырмын. Уақыт белдеуін бұрынғы қалпына қайтару туралы петиция өкілдерінің уәждерін талқылай келіп, ол талапты орындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдауға бекініп отырмыз. Мен бүгінгі жиынның төрағасы ретінде осы 1,5 ай ішінде сіздер атқарған бүкіл жұмыстың қорытындысы бойынша өтінім берушілер келтірген уәждердің ешбірін дәлелдейтін фактілер табылған жоқ. Уақыт белдеуінің өзгеруі азаматтардың денсаулығына да, электр қуатын тұтыну шығындарына да әсер еткен жоқ», — деді вице-министр.
Алайда бұл нақты шешім емес. Бұрынғы сағат белдеуін кері қайтаруды талап еткендер шешімге келіспей отыр.