Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Паралимпияданың сегізінші жарыс күнінде Қазақстан 1 алтын, 1 күміс медаль алды

Паралимпияданың сегізінші жарыс күнінде Қазақстан 1 алтын, 1 күміс медаль алды

Фото: gov.kz
Жазғы Паралимпия ойындарының 5 қыркүйек, сегізінші жарыс күнінің нәтижесі жарияланды.

Бұл күні Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс медаль алды.

Пара дзюдо: 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Альфия Тілекқабыл жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды.

Пара жүзу: Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса Нұрдәулет өз санатында жаңа Паралимпиада рекордын орнатты.

Әмір Мұратбеков 100 метрге брасс әдісімен (SB11 санатында) жүзудің финалына қатысып, жүлделі орынға жете алмады.

Пара пауэрлифтинг: 59 кг салмақта бақ сынаған Станислав Шакиев 178 киломен 7-орынға тұрақтады.

Пара жеңіл атлетика: Ядро лақтырудан финалда өнер көрсеткен Еламан Жоламан жарысты 7-орынмен аяқтады.

Паралимпиаданың сегізінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде бар.


06 қыркүйек 2024 ж. 71 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30