Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Паралимпия ойындарындағы төртінші жарыс күнінің нәтижелері жарияланды

Паралимпия ойындарындағы төртінші жарыс күнінің нәтижелері жарияланды

Фото: gov.kz
ҚР Туризм және спорт министрлігі жазғы Паралимпия ойындарының 1 қыркүйек, төртінші жарыс күнінің нәтижелерін жариялады.

Ведомства ақпаратынша, төртінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар үш спорт түрінен бақ сынаған.
Пара нысана көздеу: 10 метрге пневматикалық мылтықпен нысана көздеуден (R3: екі шынтаққа тірекпен отырып ату) сынға түскен Еркін Ғаббасов 624.3 ұпай жинап, 35-орынға тұрақтады.

Пара жүзу: Рио Паралимпиадасының жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина 150 метрге жүзуде 10-орынға тұрақтап, финалға шыға алмады.
Пара үстел теннисі: Париж-2024 Паралимпиадасында пара үстел теннисінен 1/16 финалында Әли Мақұлбеков бельгиялық Марк Ледомен кездесіп, 1:3 есебімен қарсыласына есе жіберді. Осылайша Әли Париж-2024 Паралимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады. Айта кетейік, Паралимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс жүлде бар.
02 қыркүйек 2024 ж. 59 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30