Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғы Паралимпия ойындары-2024: жетінші жарыс күнінің нәтижесі

Жазғы Паралимпия ойындары-2024: жетінші жарыс күнінің нәтижесі

Фото: gov.kz
ҚР Туризм және спорт министрлігі Жазғы Паралимпия ойындарында бақ сынасып жатқан спортшылардың жетінші күні жеткен жетістіктерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пара пауэрлифтинг: Ерлер арасында 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Бұл – Парижде ұлттық құрама қоржынына түскен алғашқы алтын медаль.

Әйелдер бәсекесінде 45 кг салмақта өнер көрсеткен Тұрсынай Қабыл 95 кг нәтижемен 6-орыннан көрінді.

Пара жеңіл атлетика: Ядро лақтырудан F36 санатында бақ сынаған Дастан Мұқашбеков қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды.

Пара жүзу: Зүлфия Ғабидуллина 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 10-орынға тұрақтады. Оның уақыт көрсеткіші – 1:12.07 секунд.

Волейболды отырып ойнау: Қазақстан құрамасы Бразилия спортшыларынан 3:0 есебімен басым түсіп, XVII жазғы Паралимпия ойындарын 5-орынмен аяқтады.

Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.
05 қыркүйек 2024 ж. 287 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 130

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031