Кеше қабылданған ғылым туралы заңның жаңашылдықтары қандай?

Кеше Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялық саясат туралы заңға қол қойды. Осыған орай еліміздің бас ғылыми ведомствосы жаңа заңның жаңашылдықтарына шолу жасады.
- Осы заң арқылы ғылыми зерттеулерді іске асыруға ұсынылатын негізділік пен технологиялық дайындықты (TRL) бағалаудың жаңа тетігі енгізілді.
- Ғылым қорының технологияларды коммерцияландыратын ұлттық агенттік ретіндегі мәртебесі кеңейген.
- Инновациялар мен жаңа технологиялар нарығын мониторингтеу мақсатында ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау бойынша жаңа механизм енгізілді.
- Ғалымдарды ынталандыру мақсатында жас ғалымдар үшін жеңілдікті тұрғын үй сатып алу құқығы енгізіледі.
- Салық кодексінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша салықтық жеңілдіктер мен салық шегерімін беру бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары ұсынылады.
- 50% мөлшерінде салық шегерімі көзделген.
- Жергілікті атқарушы органдарға ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, гранттық қаржыландыру нысанында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру бойынша құзырет беру ұсынылады.
- Жоғары ғылыми ұйым нысанындағы Ғылым академиясының жаңа мәртебесі айқындалды.
- Президент қол қойған «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға сәйкес ғылыми ұйымдардың сатып алу тәртібі жеңілдетілді. Мәселен, ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сатып алу рәсімдері енді Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін қағида бойынша жүзеге асады.