Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғылыми-техникалық жобаға грант ұтып алатын мүмкіндік бар

Ғылыми-техникалық жобаға грант ұтып алатын мүмкіндік бар

Ол үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған байқауға қатысу керек. Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған байқау жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша қабылданады. Атап айтқанда:
– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
– Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
– Энергетика және машина жасау;
– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
– Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
– Өмір және денсаулық туралы ғылым;
– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау 31 қазанға дейін https://is.ncste.kz сайтында жүргізіледі.
13 қазан 2022 ж. 677 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31