Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ су шаруашылығы институты бас ғылыми-техникалық орталыққа айналды

Қазақ су шаруашылығы институты бас ғылыми-техникалық орталыққа айналды

Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты саланың бас ғылыми-техникалық орталығы болып белгіленді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Су саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында Ғылым және жоғары білім министрлігі М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін базалық бейінді жоғары оқу орны ретінде айқындады. Су ресурстарын басқарудағы ғылымның рөлін арттыру мәселесін шешу үшін Су кеңесінің отырысында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты су саласының бас ғылыми-техникалық орталығы болып белгіленді", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, институтта су саласы бойынша барлық ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарын жүргізуге басым құқық бекітіледі деп жоспарланған.
"Аталған институттың жанынан еліміздің су ресурстарының саны мен сапасы туралы объективті және шынайы ақпаратты қалыптастыру үшін Ақпараттық-талдау орталығы құрылады. Бұдан басқа, ол ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдау және мемлекетаралық келіссөздер жүргізу кезінде ұсынымдар әзірлеу үшін қажетті жедел, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарды жасаумен айналысады", - деді Серікқали Брекешев.
20 қазан 2022 ж. 400 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 250

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031