Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ғылыми кадрлар жетіспейді

Қазақстанда ғылыми кадрлар жетіспейді

Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарында 22 мың ғалым жұмыс істейді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды egemen.kz.
Министрдің айтуынша, ведомство бірінші кезекте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс істейді. Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру жұмыстары жүргізілуде.
«Қазір Үкімет жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, мемлекеттік мәртебе беру, заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Ұлттық ғылым академиясын қаржыландыру, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясына жаңа өкілеттіктер беру бойынша ұсыныстар әзірлеу процесі жүріп жатыр», деді С. Нұрбек «Ғылым және жоғары білім-2022» форумында.
Министрдің айтуынша, қазір университет ғылымын дамыту міндеті бірінші кезекте тұр.
«Бүгін біз барлық ғылыми-зерттеу институттарының ректорларымен және директорларымен бірге университет ғылымы мен іргелі, қолданбалы ғылым арасындағы байланысты қалай табуға болатынын ойластырған бірінші форсайт сессиясына қатысып жатырмыз. Университеттер ғылыми кадрлардың қайнар көзіне айналуы тиіс», деді министр.
Бұдан соң, ведомство басшысы еліміздегі ғылыми кадрлардың жетіспеушілігіне тоқталды.
«Қазір бізде ғылыми кадрлар тапшы. Тәуелсіздіктің басында 52 мыңға жуық ғалым болса, 2000 жылдардың басында 35 мыңға жуық ғалымнан айырылдық. Қазір ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерде 22 мың ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Біздің міндетіміз – жастарды қолданбалы және іргелі ғылымға тарту», деп атап өтті Саясат Нұрбек.
24 тамыз 2022 ж. 670 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 146

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 138

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930