Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусым айында Ұлттық қордан қанша доллар жұмсалды?

Маусым айында Ұлттық қордан қанша доллар жұмсалды?

Фото: Нұрболат Нұржаубай
Маусым айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 471,84 теңгеге дейін 5,5%-ға әлсіреді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты naryk.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 251 млн АҚШ долларынан 183 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін маусым айында 420 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 11%-ын және күніне 21 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл – шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру үшін маусымда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 293 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 8%-ын құрады.

Ұлттық Банк маусымда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2024 жылғы шілдеде Ұлттық Банк Ұлттық қордан 450 млн АҚШ долларынан 550 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді.

2024 жылғы шілдеде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 250 млн АҚШ долларынан 350 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алу күтілуде.

Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетуді мақсат етеді. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана береді.
01 шілде 2024 ж. 216 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930