Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк теңгенің не себепті әлсірегенін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің не себепті әлсірегенін түсіндірді

Ұлттық Банк теңге бағамының төмендеуін түсіндірді. Маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ке әлсіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 115 миллион АҚШ долларынан 96,4 миллион АҚШ долларына дейін төмендеген. Маусым айында сауданың жалпы көлемі 2,1 миллиард доллар болды.
"Ұлттық валюта бағамы валюта ұсынысының шектеулі болуы және валютаға деген сұраныстың бір уақытта өсуіне байланысты әлсіреді. Валюта ұсынысының төмендеуі – экспорттаушылардың салық төлеу үшін валюта сатуды қысқартуына, ал сұраныстың өсуі дивиденд төлеудің басталуына байланысты", – делінген Ұлттық банк ақпаратында.
Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті. Олар шамамен 480,4 миллион АҚШ долларын құрады. Маусымда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта 438,3 миллион АҚШ долларына сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 20,7%-на тең.
Маусым бойы ішкі валюта нарығында Ұлттық Банк валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырмаған.
“Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады”, – делінген хабарламада.
Ұлттық Банк теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.
01 шілде 2022 ж. 792 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930