Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде шетел валютасына сұраныс төмендеді

Елде шетел валютасына сұраныс төмендеді

Қыркүйекте рубльдің ұсынысы сұраныстан асып, Ресей рублін сату оны сатып алудан 2,2 млрд теңгеге көп болған. Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 3,5%-ға, жыл ішінде 13,7%-ға төмендеді, деп жазады inbusiness.kz, Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі бір айда 7,2%-ға және жыл ішінде 29,2%-ға төмендеді.
"Халықтың тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуі байқалады. 2022 жылғы қыркүйекте шетел валютасын нетто-сатып алу а/а 25,7%-ға төмендеді. 2021 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда нетто-сатып алудың жалпы көлемі айтарлықтай дәрежеде АҚШ доллары мен Ресей рублін нетто-сатып алудың азаюы төмендеуі есебінен 2 еседен астам төмендеді", - делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.

Шығыстардың 79,4%-ы немесе 113,7 млрд теңге – АҚШ долларын және 22,5%-ы немесе 32,2 млрд теңге – еуроны сатып алуға бағытталды. Валюталық бөліністе бір айда АҚШ долларын сатып алуға арналған шығыстар 23,1%-ға (жыл ішінде 42,4%), еуроны сатып алуға 20,0% (жыл ішінде 14,1%) төмендеді.

2022 жылғы қыркүйекте Ұлттық қордан трансферттерді жүзеге асыру үшін шетел валютасын шамалы конвертациялау болды, валюталық интервенция жүргізілмеді. Квазимемлекеттік сектордың экспорттық валюталық түсімді сатуы 583,5 млн АҚШ долларын құрады.
31 қазан 2022 ж. 488 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 48

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031