Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада студенттер үшін «Ашық есік күні» акциясы өтті

Қызылордада студенттер үшін «Ашық есік күні» акциясы өтті

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет студенттер үшін «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастардың бойында жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, құқықтық білімін арттырып, жемқорлық көріністеріне төзбеуге тәрбиелеу.
Іс-шара шеңберінде Департаменттің Превенция басқармасының аға офицері Ж.Жүсіпәлиев жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен таныстырып, «Antikor Ortalygy» сервистік орталығының жұмысын көрсетті.
Сондай-ақ, Департаменттің мәжіліс залында Кадр жұмысын ұйымдастыру тобының аға офицері Сарымбетова Қ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа қабылдаудың негіздемесі туралы айтты.
Бұдан бөлек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының еріктісі, комплаенс-офицер Ә.Жаппасбаев «волонтер» ұғымына жалпы түсінік беріп, олардың қоғамдағы орны мен маңызына тоқталды және студенттерді патриотты тұлға ретінде осы жобаға өз үлестерін қосуға шақырды.
Шара соңында студенттерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Өз кезегінде студенттер еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға қатысты қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.
Парасатты ұрпақты тәрбиелеу мақсатында аталған акция тұрақты негізде өткізілетін болады.
26 маусым 2024 ж. 170 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031