Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық тәрбие – қоғам талабы

Құқықтық тәрбие – қоғам талабы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъек- ьтілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі»түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру белсеңді азаматтық позициялардан көрініс табады. Ол үшін әрбір адам жемқорлықты қауіпті әлеуметтік құбылыс етіп тану қажет. Жемқорлықтың зиянын бағалай білу керек. Оның азаюына әкеп соқтыратын барлық қажеттіні пайдалануы тиіс. Тұлғаның құқыққа сай әрекет етуінің деңгейі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көрсетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің өзегінде заң- дылықты білу, құқықтық тәрбиені нығайту, заңға бағыну, құқықтық сауатты болуында жатыр. Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық белсенділік, міндеттерді адал атқару құқықтық мәдениеттің көріністері болып табылады. Қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына, мемлекеттік және құқықтық жүйенің тиімді қызмет етуіне сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениет ықпал етеді.

Ш. ҚОЖАНТАЕВ,
Қарашеңгел ауылдық
округі әкімі
16 желтоқсан 2023 ж. 134 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031