Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кредит, әйел мен бала қауіпсіздігі, лудомания: Мәжіліс қандай заңдар қабылдады

Кредит, әйел мен бала қауіпсіздігі, лудомания: Мәжіліс қандай заңдар қабылдады

Фото: Мәжілісің баспасөз қызметі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның екінші сессиядағы жұмысының нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Бүгін біз Мәжілістің екінші сессиядағы жұмысын аяқтағалы отырмыз. Жалпы парламенттік сессия жұмысын жұма күні Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қорытындылаймыз" деп төраға Мәжіліс жұмысының кейбір нәтижелеріне қысқаша тоқталып өтті.

Өткен сессия мазмұнды әрі нәтижелі болды. Президенттің ауқымды реформалар бағытын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша байыпты да қажырлы іс атқарылды. Осы сессияда біз 39 жалпы отырыс өткізіп, 302 мәселені қарадық, - деп айтты Ерлан Қошанов.

Мәжіліс 100 заң қабылдады, соның ішінде әр үшінші заңға депутаттар бастамашылық етті. Палата Президенттің саяси реформаларын ілгерілетуге бағытталған заңдар топтамасын қабылдады. Қошанов атап өткендей, олардың ішінде – сот жүйесі туралы конституциялық заң, адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы, масс-медиа туралы заңдар бар.

Сондай-ақ қоғамды ұзақ уақыт бойы алаңдатып келген өткір мәселелер – халықтың шамадан тыс кредит алуы, әйелдер мен балалар қауіпсіздігі, сондай-ақ лудомания мәселелері заңнамалық тұрғыдан реттелді. Аса маңызды заңдар ішінен «Ұлттық қор – балаларға» және жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы заңдарды атап айтқым келеді.

Бұл заңдар – әлеуметтік әділеттілік қағидаттары іс жүзіне асып жатқанының айшықты айғағы. Ондаған жылдар бойы шахтерлердің, кеншілердің, металлургтердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі шешілмей келген еді. Осы орайда Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау туралы заң қабылдадық. Сол арқылы біз 400 мыңнан астам өндіріс еңбеккерлерінің талап-тілегін орындадық, - деп атап өтті спикер палата отырысында.
26 маусым 2024 ж. 249 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031