Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттар қандай заңдарды қабылдады?

Депутаттар қандай заңдарды қабылдады?

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бірінші сессияда қабылдаған маңызды заңдар туралы айтты, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі.
Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойды.
Қазіргі сайланымның басты ерекшелігі – көптеген маңызды заң жобаларының депутаттардың бастамасымен әзірленуі. Депутаттар бастамашы болған заң жобаларына сайлаушылардың талап-тілегі, мұң-мұқтажы, Ел Президентінің тапсырмалары арқау болды. Бұл ретте Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заңның қабылдануы – әлеуметтік әділдік іздеген жұртшылық талабына лайықты жауап, - дейді төраға,
Ерлан Қошановтың айтуынша, ол туралы Президенттің сайлауалды бағдарламасында айтылған. Партиялардың сайлауалды бағдарламаларына да енгізілді. Аталған мәселеге осы сессияда нүкте қойылды.
Бұл заң – заңсыз алынған активтерді қайтарудың жаңа құқықтық тетіктерін қалыптастырды. Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа халықаралық үрдістер ескерілді. Ешкім де заңсыз әрекеті үшін жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды, - деді Мәжіліс төрағасы.
Сондай-ақ, қоғамда және сарапшылар арасында Сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жан-жақты талқыланғанын айтты.
Мемлекет басшысы осы мәселені шешу үшін нақты тапсырма берді. Осы орайда депутаттар арнайы заң әзірледі. Заңда газды зауыттан тұтынушыға дейін жеткізудің ашық жүйесі жасалады. Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудағы кемшіліктер жойылды. Енді, жаңа заң бойынша, басқару нысанын тұрғындардың өзі таңдай алады: КСК-ны қалдыра ма, ОСИ-ді таңдай ма – оны өздері шешеді, - деді Ерлан Қошанов.
Депутаттар онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері жөніндегі заңға да бастамашылық етті. Осы сессияда кәсіптік біліктілік туралы заңмен жұмыс аяқталды. Заң Ұлттық біліктілік жүйесінің барлық элементтерін реттейді. Мәселен, кәсіптік біліктілікті дәлелдеу арқылы түрлі қызметпен айналысуға мүмкіндік береді.
Электр самокаттар қолданысы қоғамда үлкен мәселеге айналып отыр. Олардың жүрісін реттеу жөніндегі түзетулер Парламентте кең талқыланды. Ең бастысы, депутаттар қабылдаған заң жаяу жүргіншілердің де, самокат жүргізушілерінің де қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, - деді Мәжіліс төрағасы.
Сонымен бірге, бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағын зерттеу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көптен шешімін таппай келе жатқан түйткілді жайттың бірі еді. Бүгінде бұл мәселе заңнамалық деңгейде шешімін тапты. Заң нормалары полигонның аумағын қауіпсіз күйге келтіріп, халықты радиациядан қорғауға жол ашады.
Айта кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды. Ерлан Қошанов Үкіметпен бірлесе жұмыс істеу кезіндегі көңілі толмайтын кейбір мәселелерді атап өтті.
30 маусым 2023 ж. 194 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930