Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Қай кезеңде болсын асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандар құрмет пен алғысқа лайық.

Осы орайда бүгін медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай өткізілген іс-шараларда белсенді партия мүшелері марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда, Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен шарада бірқатар партиялықтарға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің, облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың Алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ осы күні партия филиалында филиал төрағасы Ғазиз Әліш дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.

- Қоғамда қай мамандықтың өз орны бар. Дегенмен, солардың ішінде дәрігерлерді ерекше атап өтуге болады. Өйткені халықтың денсаулығы ақ халатты абзал жандардың жұмысына тікелей байланысты. Кез келген мемлекет азаматтарының денсаулығын сақтауды, әл-ауқатын арттыруды алдыңғы қатарға қояды. «AMANAT» партиясы да өзінің сайлаулады бағдарламасында денсаулық сақтау қызметінің еліміздің әрбір тұрғыны үшін қолжетімді болуын басым бағыт ретінде қарастырған, - деген Ғазиз Әлмәмбетұлы партия филиалының төрағасы ретінде Алғыс хаттарды табыстады.


Жиын барысында аудандық мәслихат депутаты, «Шипагер» бастауыш партия ұйымының төрағасы Күншығар Әбілов әріптестерін құттықтап, мерекелік тілегін білдірді.
#AMANAT
19 маусым 2024 ж. 100 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031