Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Қазалыда медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді.
Осыған орай бүгін Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында медицина қызметкерлерінің мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты шарада алдымендәрігерлер қауымының пандемия кезіндегі ерліктері бейнекөрініспен көрсетіліп, сол бір қиын уақытта өмірден озған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сахна төріне көтеріліп, ақ халатты абзал жандарға жылы лебізін білдірді.
–Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антына адал ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Халық оларды «адам жанының қорғаушысы» деп жатады. Ауырып, сырқаттана қалған жағдайда кез келген жан шипа іздеп, дәрігерлердің алдына барып, ақыл-кеңестеріне жүгінетіні белгілі.Үмiтке үмiт жалғап, деннің саулығын, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы дәрігерлер қауымы.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, төгілген тер, танытқан төзімдеріңізге алғыс айтамын. Алдағы уақытта да көптің ризашылығына бөленіп, ел өмірінің жақсаруына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін!

Шипалы қолдарыңыздан емін тапқан азаматтар көп болсын! Отбасыларыңызға, өздеріңізге амандық, саулық тілеймін!
Мемлекетіміздің медицина саласына адал қызмет етіп, абыройлы болыңыздар! Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі нұрлы, келешегі келбетті болсын, – деді аудан басшысы.
Медицина қызметкерлері мерекесіне орай бірқатар сала мамандары марапат төрінен көрінді.Олардың қатарында облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты», аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болғандар бар.
Ал, аудандық емхана бөлімінің кардиолог дәрігері Зульфина Қуаныш «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталса, «Үздік провизор» номинациясына ие болған дәріхана бөлімінің меңгерушісі Күләйм Балқиеваға 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Мерекелік шарада өнерлі медицинв саласының қызметкерлері әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі. Мәселен, Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Күншығар Әбіл «Анажан», емхана бөлімінің фелдшері НұржанҚасым «Біз біргеміз», емхана бөлімінің мейіркеші КүләшҚартабаева «Жақсы адамдарым», рентген эндоваскулярлы хирургия бөлімінің мейіргері ӘлияСүлейменова «Жан қорғаны», Қазалы дәрігерлік амбулаториясының аға мейіргері Қасиет Өтепова«Замандастар» әндерін шырқады.
Мәдениет орталығына жиналған көпшілік медицина саласының қызметкерлерінің өнеріне тәнті болып, қошемет көрсетті.
Мерекелік шарада медицина саласының ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Шараға арнайы шақырылған СержанқожаБерденов, ТиыштықМүбереков, ТасболатҚұрман, Адия Айтчекова, СерікАйтчеков, ДинаҚожахметова, МұханІзбасаров, ГүлбарамБейсембековаларға сый-сияпаттар тапсырылды.

#Қазалы
16 маусым 2022 ж. 268 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 51

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 46

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930