Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіби мерекеде ұстаздар марапатталды

Кәсіби мерекеде ұстаздар марапатталды

Елімізде педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Биыл кәсіби мейрам Үкімет қаулысымен ресми түрде бекітіліп, 5 қазанға белгіленді.
Бүгін аудандық партия филиалында мерекеге арналған арнайы жиын өтіп, бірқатар ұстаздар марапатталды.
Салтанатты шарада аудандық партия филиалының төрғасы Ғазиз Әліш педагогтарға мемлекеттік қолдау шараларының қарқынды жүргізіліп жатқанын және «AMANAT» партиясы ұстаздардың мәртебесін одан әрі арттыруды қолдайтынын атап өтті.
- Мұғалім күнін мерекелеудің басты мақсаты – педагогтердің еңбегіне деген құрметті қалыптастыру, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру. Бұл мереке шын мәнінде баршаға ортақ. Өйткені, кез келген маман, кез келген лауазым иесі ұстаздан білім, тәрбие алады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы педагогтердің Әділетті Қазақстанды құрудағы рөлі өте зор екенін үнемі атап өтеді. Соңғы жылдары мемлекет бұл салаға инвестицияны едәуір көбейтті. «AMANAT» партиясы да педагогтердің мәртебесін одан әрі арттыруды қолдайды, - деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.
Мұнан соң облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп сала мамандарын мерекемен құттықтап, еңбегімен танылып, құрметке бөленген бірқатар ұстаздарға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың «Алғыс хатын» табыстады.
Сондай-ақ бірқатар үлгілі ұстаздарға партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліштің «Алғыс хаты» табысталды.
Өз кезегінде жиынға қатысқан педагогтер мерекелік лебіздерін білдіріп, көрсетілген құрмет үшін шынайы ризашылықтарын жеткізді.
#AMANAT #Ұстаздаркүні
06 қазан 2023 ж. 259 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031