Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп нормаларын сақтау – басты міндет

Әдеп нормаларын сақтау – басты міндет

Фото: ашық дереккөзден
Біз өмір сүріп жатқан қоғамда тіршілік етіп отырған соң ондағы қарапайым адамдар белгілі бір әдепке сай қарым-қатынас жасайтыны белгілі. Ал, күнделікті қызметінде тұрғындардың түрлі уәжіне құлақ асып, олардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге тиісті әдеп нормаларын сақтау басты міндет.
Осы ретте Қазалы ауданы әкімдігінде Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқару жауапкершілігі маған жүктелді. Жауапкершілігіжоғарықызметтесенімүдесіненшығып, аянбайқызмететунегізгімақсатымболды.
Өзіңніңжүріс – тұрысыңмен, халқыңаадал да абыройлы болу басты парызым деп есептеймін. Өйткені Әдеп жөніндегіуәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларының сақталуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне қайшы әрекеттердің алдын алу жұмыстарын үйлестіру жатады.
Мемлекеттік қызметшінің моральдік бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінетіндігін атап өткен жөн. Негізінен мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бос уақыттарында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Демек қызметкер барынша сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, кез-келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны жөн.
Мемлекет басшысының Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдамасын іске асыру міндетін жүктеді.
Осыған байланысты ауданымызда әрбір тұрғынның өтініш-тілектерін орындау да маңызды. Өйткені ауданымыздың көркеюі мен дамуы, әрбір тұрғынның мұң-мұқтажының уақытылы шешімін тауып, халыққа жақын болып қолдау білдіру, қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесіп, халықпен кері байланыс орнату әрқашанда мемлекетке сенімділікті арттыратыны сөзсіз.
Жергілікті басылымдарда, аудан әкімдігінің ресми-интернет ресурсында Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткен жиналыстар туралы мәліметтер орналастырылуда. «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі «Қазалы ауданының әкімдігі» ресми парақшасында да ақпараттар мерзімінде жариялануда. Әлеуметтік желіде халықпен керібайланыс орнату, жұмыстарды ашықтыққа, күнделікті бақылауға алынды. Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі бағыттарының бірі – ол мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіре түсуіне ықпал ету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларының сақталуын насихаттау. Бұл бағыт бойынша ауданымызда біршама істер атқарылуда.
Аталған міндеттерді орындау мақсатында бекітілген жоспарға сай Әдеп жөніндегі уәкілмен 14 кездесу өткізілді. Кездесулерге ауыл округі әкімі аппараты, дербес бөлім қызметкерлерімен қатар, мемлекеттік лауазымға теңестірілген тұлғалар қатысты.
Бұл кездесулердің күн тәртібіне мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметшілерде ішкі жан тазалығының қалыптасуы - өзгеріске енуі, сапалы қызмет атқару және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау, мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын талапқа сай пайдалану және басқа да Әдеп кодексі талаптарынан туындайтын мәселелер қойылды.
Бүгінгі таңда қоғамның жегі құртына айналған сыбайла сжемқорлық мәселесі қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл бағытта күресті қолайлы саяси орта түзеуден бастаған құзырлы органдар «Адалды қалаңы» жобасын қолға алып, жоба аясында ауқымы кең жұмыстарды бастады.
Осы тұрғыда аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл жөніндегі комиссия құрамы бекітіліп, жоспарға сәйкес түрлі ұйымдастырушылық, құқықтық іс-шараларжәне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ішкі талдаулар жүйелі түрде жүргізуде.
Жоғарыдабаяндағанталаптар мен ұстанымдарды ұстанып, әр азамат белсене атсалысқанда, адалдықты материалдық құндылықтардан биік қойғанда, адал қызмет ету арқылы елдің құрметіне бөленіп, бедел жинауға болатынын түсінгенде қоғамдағы сыбайластықтың жолы кесілетінін ұмытпайық.

Тілеп Ринад Ибайдуллаұлы,
Қазалыауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі–аппарат басшысы
18 маусым 2024 ж. 162 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031