Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп нормаларын сақтау – басты міндет

Әдеп нормаларын сақтау – басты міндет

Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы, Қазалы ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Әбубәкірұлының қатысуымен мәжіліс өтті. Басқосуға дербес бөлім басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдері, мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.

Мәжілісті Қазалы ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Әбубәкірұлы ашып, жүргізіп отырды.

– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес аудандардың аппарат басшыларына Әдеп жөніндегі уәкіл функцияларын атқару жүктелді, – деген Қайрат Әбубәкірұлы Әдеп жөніндегі уәкілдің өз құзыреті шегінде атқаратын функцияларына тоқталды.

Мұнан соң, мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін міндеттер мен шектеулердің жыл өткен сайын қатаңдатылып жатқанын тілге тиек етті.

– Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануы қажет.

Статистикалық мәліметтерге қарасақ Әкімшілік құқық бұзушылық жасайтын, Әдеп нормаларын сақтамайтын, масаң күйде қоғамдық орындарда жүретін, автокөлік жүргізетін мемлекеттік қызметшілер бар, оған қоса жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөліктердің мезгілсіз уақыттарда жүру фактілері кеңінен кездеседі, – деді.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі аппаратының басшысы, Қазалы ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Әбубәкірұлы мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез, оның ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде болу жағдайларына жол бермеу қажет екендігін айтып, Әдеп нормаларына қайшы іс-әрекеттерге бармауға шақырады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
14 наурыз 2021 ж. 3 139 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930