Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп нормаларын сақтау – басты міндет

Әдеп нормаларын сақтау – басты міндет

Өткен жұма күні аудан әкімдігінде әкім аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Қайрат Әбубәкірұлының қатысуымен мәжіліс өтті. Басқосуға дербес бөлім басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдері, мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.
Мәжілісте Қазалы ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Қайрат Әбубәкірұлы өз құзыреті шегінде атқаратын функцияларына тоқталды.
– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес аудандардың аппарат басшыларына Әдеп жөніндегі уәкіл функцияларын атқару жүктелді, – деді Қайрат Әбубәкірұлы.
Мұнан соң, мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін міндет пен шектеулердің жыл өткен ­сайын қатаңдатылғанын тілге тиек етті.
– Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндетін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлік, ұстамдылық және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған біліктілік талаптарына сай болуы тиіс. Сонымен қатар, құзырлы қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануы қажет.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Әкімшілік құқық бұзушылық жасайтын, Әдеп нормаларын сақтамайтын, масаң күйде қоғамдық орындарда жүретін, автокөлік жүргізетін мемлекеттік қызметшілер бар, оған қоса жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөліктердің мезгілсіз жүру фактілері кеңінен кездеседі, – деді.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Қайрат Әбубәкірұлы мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, оның ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде болу жағдайларына жол бермеу қажет екендігін айтып, Әдеп нормаларына қайшы іс-әрекеттерге бармауға шақырады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
16 наурыз 2021 ж. 2 428 0

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 25

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 52

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 64

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031