Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп жөніндегі уәкіл не атқарады?

Әдеп жөніндегі уәкіл не атқарады?

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзудың алдын алуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес береді. Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға белсенділік танытқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыным білдіреді.
Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұзуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарда 163 мемлекеттік қызметші мемлекеттік міндеттерін атқаруда. Олардың мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақталуына ықпал ету жұмыстары әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне кіреді.
2023 жылы Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша 10 мәрте құқықтық оқыту ұйымдастырылды. Әр құқықтық оқытуда барлық мемлекеттік қызметшілерге 2 тақырыптан өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әдеп жөніндегі уәкілмен 8 ауылдық округтерге құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 60 азаматты жеке қабылдап, тиісті жауаптарын берді. Уәкілдің ұсынуымен мемлекеттік мерекелер қарсаңында 8 мемлекеттік қызметшіге алғыс хат табысталды. Зейнет жасына шыққан 3 мемлекеттік қызметші Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен наградталды.
Қазалы ауданы бойынша қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, ұжымның моральдық-психологиялық ахуалының жай-күйін мониторингілеу мақсатында және артық жұмыс жасау фактілерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілерді қатыстырыла отырып, анонимдік сауалнамалар алынып, нәтижесімен жергілікті атқарушы мекемелердің басшыларына қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар жолдау жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Ауданда осы бағытта қызмет атқаратын қызметкерлер мен азаматтар Әдеп жөніндегі уәкілге келіп, кеңес ала алады. Проблемалық жағдайларды реттеп, әріптестерімен өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жүгіне алады.
Р. ТІЛЕП,
«Қазалы ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл
28 қараша 2023 ж. 246 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930