Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі егіс алқабы мен бірқатар нысандарды аралады

Аудан әкімі егіс алқабы мен бірқатар нысандарды аралады


Биыл Қазалы ауданы бойынша 17 377 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланса, бүгінгі таңда соның 16317 гектарына егін егілді. Оның ішінде жоспарланған егіс көлемінің 1693 гектар жері «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі.

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Қожабақы ауылындағы «Агро Өркен» ЖШС-нің егіс даласында болып, диқандармен кездесті.
Серіктестік директоры Медеу Есхожаев аудан басшысына егіс даласындағы қызу тіршіліктің жайымен таныстырды.

Дәл қазіргі уақытта серіктестіктің егіс даласында 750 га жерге күріш, 160 га бидай, 296 га жаңа жоңышқа, 487 га ескі жоңышқа дақылдары егіліп, күтімге алынуда. Бүгінгі күнге 300 га жоңышқа дақылының алғашқы орымы қызу жүргізілуде.


Мұнан соң аудан әкімі Кәукей ауылына барып, мұндағы 100 орындық ауылдық клубтың құрылысын көрді. Бүгінгі таңда клубтың құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, сахнасын, музыкалық құрылғыларын, жарықтарын орнату мен есік алдын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі мердігер мекеме басшысы мен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевқа ғимарат ішіндегі және ауласындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп, бұл жұмыстарды тезірек сапалы етіп аяқтауды тапсырды. Ауылдық клубтың құрылыс жұмыстары жақын күндері толықтай аяқталып, ауыл халықының игілігіне пайдалануға берілмек.
Аудан басшысы аралау барысында Қазалы қаласында салынып жатқан жеке кәсіпкер Еркін Алданазаровтың ашық аспан астындағы жазғы демалыс орнының да құрылыс жұмыстарын көрді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 маусым 2024 ж. 279 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 146

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 151

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031