Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда көктемгі егіс науқаны басталды

Қазалыда көктемгі егіс науқаны басталды

Қазалы ауданында егістікке күріштің дәнін себіліп, егіс науқаны басталды. Қожабақы ауылындағы «Агро-Өркен» ЖШС-нің егіс алқабында өткен семинар-кеңеске аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, ауылдық округ әкімдері, ел ағалары, ардагерлер мен шаруалар қатысты. Семинарда ауыл шаруашылығы саласының биылғы жоспарлары мен мәселелері ортаға салынып, талқыға түсті.
Аудандағы көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Өміртай Өтеп-Әлі, күріш егу жұмыстарын агротехникалық шараларға сай өткізудің маңыздылығы жөнінде «Агро Өркен» ЖШС директоры Нұркен Әлиев, егінді суармалы сумен қамтамасыз ету барысы туралы «Қазалысушар» өндірістік учаскесі басшысының орынбасары Нұрлан Абилдаев, егілген егісті зиянды және ерекше қауіпті организмдерден қорғау, оларға қарсы жүргізілетін фитосанитариялық шаралар туралы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Болат Достыбай баяндады.
Биыл Қазалы ауданы бойынша 17790 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленіп отыр. Оның ішінде: 430гектар майлы дақылдар, 7480 гектар мал азығындық, 2250 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдары. 7630 гектар жерге дәнді дақылдар егу жоспарлануда.
Семинар соңында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев диқандардың жұмысына сәттілік тіледі.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
10 мамыр 2018 ж. 2 135 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930