Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырман басындағы тіршіліктің қызған шағы

Қырман басындағы тіршіліктің қызған шағы

Бүгінде қамбаны дәнге толтыруға кіріскен қазалылық шаруалар күн-түн демей, бел жазбастан даладағы еңбек майданында қызу жұмыс жасауда. Осындай қызу тіршіліктің бірі «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев серіктестіктің қырманымен және Қазалы қаласында орналасқан күріш өңдеу зауытының жұмысымен танысты.
Шаруашылық басшысы Мерей Есқожаевтың айтуынша биыл серіктестік 750 гектар жерге күріш еккен. Дәл қазіргі кезеңде оның 480 гектары орылып, 350 гектары бастырылған.
Мерей Есқожаев басшылық жасайтын зауытта бір күнде күріштің «Лидер», «Янтар» сынды сорттарынан 20 тоннадан астам ақ күріш өңдеп шығарылады.
Зауыттың ерекшелігі күрішті ақтаумен қатар, қауызын ұнтақтап, мал шаруашылығы үшін жем өнімдерін шығаруға бейімделген. Зауыт бүгінде 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Айта кетейік, «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл жалпы 1707 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырса, оның ішінде күріш 750, бидай 145, жаңа жоңышқа 257, ескі жоңышқа 555 гектар жерге егілген.
"Қазалы"ақпарат
05 қазан 2023 ж. 420 0

Жасөспірім және заң

27 қаңтар 2026 ж. 118

Ерлікке толы ғұмыр

27 қаңтар 2026 ж. 122

Халыққа қолайлы қызмет

27 қаңтар 2026 ж. 124

Рухты жастың темірқазығы

27 қаңтар 2026 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031