Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы қуантқан бақыт

Баланы қуантқан бақыт

Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аудандық аналар кеңесі 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Бар мейірім балаларға» деген атауымен арнайы шара ұйымдастырды. Ерекше қолдауды қажет ететін балаларға қуаныш сыйлауға бағытталған бұл шара «Ассалам» мейрамханасында өтті.

Мерекелік басқосуда аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шәкизада Асқарова балаларды құттықтап, оларға жылы лебізін білдірді.
– 1 маусым – мейірімге толы мереке. Себебі баланың қуанғанынан, оның шат күлкісінен артық ештеңе жоқ. Біз үшін балаларымыздың болашағы маңызды. Өйткені олар – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын нағыз кемел ұрпақ. Сондықтан сапалы білім, жақсы тәрбие беру, сондай-ақ оларға керемет көңіл-күй сыйлау – бізге міндет. Балалар күні құтты болсын, басты байлығымыз – балаларымыз әрқашан аман болсын! – деді Шәкизада Келімбетқызы.
Аналар кеңесінің ұйымшыл ұжымы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, басқосуға келгендерге концерттік бағдарлама ұсынды. Бірі әннен шашу шашса, ал енді бірі өлеңнен өрнек өрді. Одан соң жиналғандар «Жүректен жүрекке» сергіту сәтінде бір-біріне жүрек жарды сөздерін айтып, ойын ойнады. Балалардың көзіндегі қуанышты көріп, әдемі кештің керемет әсер сыйлағаны анық аңғарылды. Ата-аналар да балаларының мәз-мейрам болғанына дән риза.
Басқосу аясында ата-аналар балаларына арналған мерекелік шаралардың алдағы уақытта да жібі үзілмей жалғасуын сұрады. «Бұл балалардың көңіл-күйлерінің серпілуіне, сондай-ақ олардың оңалуына оң септігін тигізеді» дейді олар.
Шара соңында ерекше қолдауды қажет ететін 10 балаға арнайы сыйлық табысталды. Концерттік бағдарлама тәмамдалған соң, Шәкизада Келімбетқызы кешті қорытындылап, игі іске ұйытқы болған жеке кәсіпкер, «Ассалам» мейрамханасының иесі Жадыра Берікқызына алғаусыз алғысын айтты. Сондай-ақ қамкөңіл балалардың көңілін аулауға атсалысқан барша жанға ризашылығын жеткізді.

Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
01 маусым 2024 ж. 296 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031