Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке қарсаңындағы қайырымдылық

Мереке қарсаңындағы қайырымдылық

8 наурыз – барша дүниені шаттық шуағына бөлеп, тыныс-тіршілігімізге нәр берген қыз-келіншектердің мерекесі. Осынау мерейлі мереке қарсаңында қоғамдағы түрлі қиындықтармен күресіп келе жатқан қайсар әрі қайратты аналарға құрмет көрсету мақсатында қайырымдылық шарасы өтті.
Шараны аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шәкизада Асқарова ашып, шаңырақ отын маздатып отырған аналарымызға алғаусыз алғысын жеткізіп, ақжарма тілегін білдірді.
– Сіздерді осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әйел, отбасы, қоғам бұл үшеуі өзара тығыз байланысты. Әйел – ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ, Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деген сөз бар. Астарлы сөздің ақиқатына үңілер болсақ, ананың қадірін біліп, асыл қасиетін түсінуге үндейді. Мемлекет және қоғам болып аналарымызды алақанға салып аялауға шақырады. Бүгінгі мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Осы жиынға келе алмаған аналарды құрметтен тыс қалдырмай, арнайы құттықтау жасайтын боламыз, – деп қорытындылады өз сөзін Шәкизада Келімбетқызы.

Мерекелік шара барысында аналарға арнайы сыйлықтар тарту етілді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев сан салада қызмет етіп, отбасының ұйытқысына айналған аналар мен қыз-келіншектерге алғыс хат табыстады. Жұртшылықты жақсылыққа жұмылдырған жиын соңында аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шәкизада Асқарова осындай игі іске жанашырлық танытқан жандарға, атсалысқан азаматтарға алғысын айтты.
Айта кетейік, қайырымдылық шарасы аясында ақ жаулықты аналарымызға арналып ақ дастарқан жайылып, аяулы жандардың құрметіне арналған мерекелік концерт те ұйымдастырылды. Аналарға арналған осындай игі шара алдағы уақытта жалғасын тауып, ізгі істер еселене түсері анық. Өйткені аналарды бір күндік мерекеде ғана емес, 365 күн бойы аялап, қадірлеу –басты парызымыз болып қала бермек.
Арайлым ЖҮСІПОВА
07 наурыз 2024 ж. 161 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031