Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржылық сауаттылығын арттырған тұрғындарға сертификат табысталды

Қаржылық сауаттылығын арттырған тұрғындарға сертификат табысталды

Апта басында ауданымызда азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасының оқыту курсы басталған болатын. Бүгін Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Ғ.Мұратбаев және Абай ауылының 163 тұрғыны апталық оқыту курсын сәтті аяқтады.
Алғашқылардың бірі болып өз біліктілігін арттырған Әйтеке би кенті және Ғ.Мұратбаев ауылының тұрғындарына аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш арнайы сертификат тапсырды.

- Ауданымызда Мемлекет басшысының ерекше қолдауына ие болған «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы бастау алды. Өздеріңіздің қатысуларыңызбен оқыту аптасы сәтті аяқталды. Жыл соңына дейін аудан бойынша 850-ге жуық тұрғынды оқыту жоспарда бар. Арнайы оқыту жұмыстарын жүргізген қаржы сарапшыларына және белсенді қатысқан сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз, - деді Ғазиз Әліш.

Қатысушылар бір апта уақытта жалпы бағдарлама бойынша білімдерін жетілдіріп, мамандардан қолданыстағы қаржы құралдары, бағдарламалар, несиелер мен гранттар туралы кеңес алды.

- Курстың қатысушысы ретінде өз қаражатымды тиімді басқаруды үйренедім. Қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді анықтау бойынша білімімді жетілдірдім. Жалпы өзіміз білмеген құнды ақпараттар алуға мүмкіндік болды. Осындай тегін курстан лайықты білім алғаныма қуаныштымын, - дейді Әйтеке би кентінің тұрғыны Жанар Жүсіпова.

Осы күні Қазалы қалалық мәдениет Үйінде де қала және Абай ауылынан курсты аяқтаған қатысушылар үшін арнайы сертификаттар табысталды.

#AMANAT
17 мамыр 2024 ж. 520 0

Жұмбағы мол Жанкент

22 тамыз 2026 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31