Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қарызсыз қоғам" партиялық жобасының пайдасы көп

"Қарызсыз қоғам" партиялық жобасының пайдасы көп


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігін атап өтіп, оның игілігін бүкіл еліміз көруі үшін ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттырып, қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, несие қарызының санын азайту жолдарын, қаржы пирамидасы мен түрлі алаяқтардың әрекетін қалай анықтауға болатынын түсіндіру.

Өткен жылы басталған пилоттық жоба бүгінде өз тиімділігін көрсетіп, маңызды бағдарламалардың біріне айналып отыр. Биыл еліміздің барлық өңірінде жобаны жүргізу қолға алынып, ақпан айында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша 150 қаржы сарапшысын оқыту басталады. Бұл мамандар жыл бойы 200 мың қазақстандыққа қаржылық сауат курстарын өткізеді. Әсіресе, онда несие мерзімі 90 күннен асып кеткен азаматтарға басымдық берілмек.

Қазіргі күні жоба аясында өңіріміздің бірқатар аудандары да қамтылып, қаржы кеңесшілері елді-мекендердің түпкір-түпкіріне барып, тұрғындарға қаржылық сауаттылық бойынша дәріс беруде. Алдағы айларда осы мақсаттағы оқыту курстары ауданымызда басталады. Оқу дәрістеріне жазылғысы келетін тұрғындар аудандық партия филиалына жүгінуіне болады. Жобаға қатысушылар күндізгі форматта сауатын арттырып, бір топта 50 адамға дейін оқытылады. Дәрістің ұзақтығы – 5 жұмыс күні.

Мемлекет басшысының қолдауына ие болған партиялық жобаға қатысушы тұрғындардың саны күн санап артуда. Осылайша, қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған бағдарламаның қаншалықты қажет екеніне және алдағы уақытта жоба өзінің нәтижесін береріне көз жеткізуге болады.

Ғазиз ӘЛІШ,
«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы
21 ақпан 2024 ж. 159 0

Ғайып болған елес ауыл

14 мамыр 2024 ж. 130

Қамыс басындағы қыз

14 мамыр 2024 ж. 117

Қарақұмға қой көшкенде

14 мамыр 2024 ж. 99

Аналар ардақталған күн

14 мамыр 2024 ж. 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031