Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауына құжат қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауына құжат қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсы
Ағымдағы жылғы 15 мамыр күні республика бойынша «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсына құжат тапсыру шарасы басталғанын хабарлаймыз. Үміткерлерді тіркеу 15 маусымға дейін жүргізіледі.

Облыс бойынша конкурстық құжаттамаларды Қызылорда қаласы және барлық аудан әкімдіктері жинақтайтын болады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары:
1. Жалпы ережелер.
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
2. Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
3. Мыналар:
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
5. Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
6. Отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

7. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
8. Қалалық және аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар тізбесі кері қайтарылмайды.
1 шілдеге дейін қала және аудан әкімдіктері жергілікті комиссия отырыстарында бірінші кезең жеңімпаздарын анықтап, облыстық кезеңге үміткерлер туралы ақпаратты ұсынады.
19 шілдеге дейін облыстық комиссия отырысында 2-ші кезеңге өткен отбасылардың құжаттары қаралып, жеңімпаз отбасылардың конкурстық құжаттары альбом ретінде әзірленіп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданады.
Сонымен қатар, 30 тамызға дейін облыстық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау бойынша салтанатты шара ұйымдастырылатын болады.
Жеңімпаз отбасылар туралы ақпарат «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы күн Қызылорда» және «Qogam TV» телеарналарында көрсетіледі.
Үміткер отбасылар Facebook мессенджерінде #Otbasym2024, #МерейліотбасыKZO2024 хештэгтері арқылы жанұялары туралы ақпаратты жариялай алады.
«Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының қалалық және аудандық кезеңіне құжаттар қабылдау төменде көрсетілген мекен-жайлар бойынша жүргізіледі.
1. Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі №33, қала әкімдігінің ғимараты, қоғамдық даму бөлімі.
2. Арал ауданы, Астана көшесі №130, аудан әкімдігінің ғимараты, қоғамдық даму бөлімі.
3. Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ж. Нұрмұхаммедұлы көшесі №130, аудан әкімдігінің ғимараты, қоғамдық даму бөлімі.
4. Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ораз Ахун көшесі №44, қоғамдық даму бөлімі.
5. Жалағаш ауданы, Әйтеке би көшесі №12, аудан әкімдігінің ғимараты, қоғамдық даму бөлімі.
6. Сырдария ауданы, Д.Қонаев көшесі №9 б, қоғамдық даму бөлімі.
7. Шиелі ауданы, Рысқұлов көшесі №19, аудандық қоғамдық даму бөлімі, 5 кабинет (ескі прокуратура ғимараты).
8. Жаңақорған ауданы, М.Көкенов көшесі №33, аудандық қоғамдық даму бөлімі.!
15 мамыр 2024 ж. 292 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 272

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 160

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031