Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңі басталады

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңі басталады

2024 жылғы 15 мамыр – 15 маусым аралығында "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының І кезеңі өткізілетінін хабарлаймыз.

Байқаудың мақсаты - отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады. Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі. Байқау үш кезеңде: бірінші – аудандық, екінші – өңірлік (облыстық), үшінші – ұлттық кезеңдерде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім келесі құжаттармен бірге аудандық комиссияға беріледі:

1. ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2. асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін-жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3. неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4. ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі-бар болса;

5. балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6. балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу)орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7. ұсыныстар (әріптестер, көршілер, достар);

8. отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық комиссияның төрағасы куәландырады.
Ұлттық конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2024 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы , Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхаммедұлы көшесі, 130 мекенжайы бойынша Қазалы ауданының қоғамдық даму бөліміне өтінім береді.
#Otbasym2024
#Мерейліотбасы
15 мамыр 2024 ж. 163 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 26

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 26

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 28

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 29

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031