Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Смағұловтар" отбасы "Мерейлі отбасы - 2023" ұлттық байқауының республикалық кезеңінде марапат төрінен көрінді

"Смағұловтар" отбасы "Мерейлі отбасы - 2023" ұлттық байқауының республикалық кезеңінде марапат төрінен көрінді

Астана қаласында “Мерейлі отбасы - 2023” ұлттық байқауы өтті.
Қазақстан орталық концерт залында өткен республикалық кезеңде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева еліміздің барлық өңірлерінен қатысқан үздік жиырма отбасын марапаттап, бір миллион теңгеден қаржылай сыйлық табыс етті.
Биыл аталған байқауға республика бойынша 3 344 отбасы қатысып, 20 жұп жеңімпаз атанды. Олардың қатарында жерлесіміз, ғасыр жасаған майдангер Қабақ Смағұл ақсақалдың отбасы да бар.
Аудандық және облыстық кезеңнен жеңімпаз атанған “Смағұловтар” отбасы республикалық кезеңге жолдама алған еді. Қос ғасырдың куәсі болған Қабақ ақсақал арқа төріне өзі барып, салтанатты шараның куәсі болып қайтты.
Ардагердің 10 баласы бар, әулетінде 22 немере, 32 шөбере, 2 шөпшегі өсіп келеді.
Астана қаласында жүрген қазалылықтар мерейлі сәттің куәсі болу үшін бас қосып, майдангердің қуанышымен бөлісті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
11 қыркүйек 2023 ж. 467 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 72

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 59

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 76

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 70

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 74

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031