Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне құжаттар жинақтау басталғанын хабарлайды

«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне құжаттар жинақтау басталғанын хабарлайды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланады және қыркүйек айында Отбасы күніне орай қорытындыланады.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1.Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2.Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3.Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеінен насихаттау;

4.Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық және республикалық маңызы бар қалалар, үшінші кезең- республикалық  деңгейінде өткізіледі.

Аудандық деңгейде ұйымдастыру бойынша:

Конкурсқа қатысуға өтінім Үкіметтің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген қағидаларына  сәйкес 20 мамыр-15 маусым аралығында тиісті құжаттарды аудандық комиссияға берілуі тиіс.
«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсын аудандық деңгейде өткізуді ұйымдастыру бойынша құжаттар қабылдау аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы  2022 жылдың  20 мамыр мен 15 маусым аралығында жүзеге асырылады.
Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, ҮЕҰ-дар арқылы, жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
Құжаттар жинақталғаннан кейін аудан әкімімен бекітілген өкімге сәйкес  комиссия құрамы  жеңімпаздарды айқындау үшін 15-30 маусым аралығында отырыс өткізеді және хаттамалық шешіммен 2 отбасын анықтайды.
Аудандық конкурстан жеңімпаз атанған 2 отбасын конкурстық құжаттары  1 шілдеге дейін  облыстық комиссияға  жіберіледі.
Аудандық деңгейдегі конкурсының қатысушыларын марапаттау рәсімі өткізіледі.
Толық ақпарат алу үшін: Д.Қонаев көшесі № 9б (2 этаж), байланыс тел:8/724-36/22-2-71
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім
 Отағасының (әкесінің немесе анасының) деректері: 
1. Т.А.Ә.

2. Жасы_
3. Білім Жынысы
4. Жұмысы
5. Тұрғылықты мекені
6. Отбасы құрамы туралы мәліметтер
7. Отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) немен жақсы атағы шыққан
8. Наградаларының, марапаттарының болуы мен түрлері
9. Отбасының әрбір мүшесінің деректері:
10. Т.А.Ә.
11. Жасы
12. Білімі
13. Жұмысы
14. Тұрғылықты жері (мекенжайы және тел.)
15. Отбасы түрі (2-,3-,4-ұрпақ және т.с.с)
16. Отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
17. Ата-ананың қандай қасиеті тәрбиеге негіз болады
18. Отбасында қандай отбасылық дәстүрлер сақталған

19. Отбасылық қатынастар қандай қағидаттарға сүйенеді

20. Ұстаздардың, педагогтардың, тәрбиешілердің ықпалы
21. Отбасы өмірінен қызықты оқиғалар __
22. Отбасылық фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)
Қолы
Күні

02 маусым 2022 ж. 1 254 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930