Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық құндылықты жаңғыртқан білім ордасы

Ұлттық құндылықты жаңғыртқан білім ордасы

Ұлттық құндылықтарымызды балаларға дұрыс дәріптеуде білім беру ұйымдарының жұмысы аса маңызды. Бұл ретте Қазалыдағы Ғ.Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебі «Құндылыққа негізделген тәрбие беру үдерін модельдеу» жобасын қолға алып, оқушыларды патриотизмге баулуды мақсат етуде.
Тың жобаның нәтижесінде білім алушылар ұлттық құндылықтарды қазіргі заманға сай икемдеп, тұлғалық қабілеттері терең дамыған дарынды оқушылар көбеюде. Бұл білім ордасының тағы бір ерекшелігі, іргетасы қаланғанына ғасырға жуық уақыт болса да әлі күнге дейін маңыздылығын жоймаған. Ғани Мұратбаевтың ізі қалған білім ордасы кішігірім музей ретінде қымбат мұрасын сақтап, оқушылардың сапалы білім алуына үлкен басымдық беруде. Аталған білім ордасының негізгі жұмысымен таныс болған БАҚ өкілдері мектеп ауласындағы Ғанибай керуені туралы тарихи көрініске куә болып, оқушылар жасаған ерекше дүниелерге қанық болды.
– Біздің мектеп 1958 жылдардың басына дейін көрнекті қайраткер В.И.Молотов атымен аталса, ал, 1959 жылдан бастап, мектеп шығыс жастарының жалынды жетекшісі, жерлесіміз Ғани Мұратбаевтың есімімен аталды. Қазіргі таңда бізде 485 оқушы білім алады. Сондай-ақ, 74 мұғалім қызмет жасайды. Балалардың жан-жақты дамуы үшін мектепішілік шығармашылық топ «Шеберлер», «Шыңдалу», «Жетілу» жобаларын тұрақты жүргізіп келеді. Бұдан бөлек, заманауи технологияларды игеру мақсатында біздің мектепте арнайы кабинеттер жасақталған. Оқушыларымыз республикалық және облыстық, аудандық білім додаларында жеңімпаз атанып жүр, - деді мектеп директоры Эльмира Сматуллаева.
09 сәуір 2024 ж. 205 1

Marissa от 29 мамыр 2025 17:19
Wonderful forum posts Appreciate it. casino en ligne francais Thank you, I enjoy it. casino en ligne Nicely put, Kudos. casino en ligne Nicely put, Many thanks. casino en ligne Very good write ups. Kudos. casino en ligne France Superb content. Thank you! casino en ligne France You reported that effectively! casino en ligne With thanks! I enjoy this. meilleur casino en ligne This is nicely put! ! casino en ligne You reported it superbly! casino en ligne

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30