Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қой жүнінен тыңайтқыш жасаған қазалылық оқушы

Қой жүнінен тыңайтқыш жасаған қазалылық оқушы

Қазыналы Қазалы ауданында білім сапасына айтарлық көңіл бөлінген. Соның арқасында аудандағы білім көрсеткіші жыл сайын жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.
Бүгінде Қазалыда 19 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 39 жалпы мектеп және 2 қосымша білім ордасы қамтылған. Ондағы оқушылардың жалпы саны - 16 мыңнан асады. Аудандағы білім беру ұйымдарында әртүрлі бағыттағы тың жобалар өз жемісін беруде. Мұны облыстық білім басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турында куә болдық. Бақ өкілдерінің алғашқы аялдаған білім ордасы - № 165 орта мектебі “Жасыл мектеп” жобасын қолға алып, оқушылар өз идеялары арқылы экоөнімдер жасап шығаруда. Тіпті, мұнда жылыжай ісі де жанданып келеді. Оқушылар жылыжайда қияр, қызанақ және басқа да көкөністер өсіріп жатыр. Одан әрі аталмыш білім ордасы жас өрендердің ұшқыр қиялынан туған тың туындыларын таныстырып өтті. Сондай-ақ, бірнеше мектептерде үздік деп танылған жобалардың көрмесі өтіп, жас зерттеушілердің шеберханасы таныстырылды. Соның бірі - Қалымбет Ақарыстың қой жүнінен таза табиғи тыңайтқыш жасау жобасын ерекше айтуымызға болады. Жас өрен 2 жыл бұрын қой жүнін тыңайтқыш ретінде пайдалана отырып, әртүрлі өсімдіктерді өсірген.
–Қой жүні көп игеріле бермейтіндіктен жетекшіммен бірге өсімдіктерге пайдалануды ойладық. Осылайша қой жүнін зерттеу барысында бұл өнімде өсімдіктерге керекті барлық дәрумендер бар екенін және тыңайтқыш ретінде пайдалануға болатынын білдік. Бұл тыңайтқыш әсіресе бақша өнімдерін сапалы алуға көп көмегін тигізеді екен. Араға уақыт салып қой жүнін түйіршіктелген түрде іске асырып, арнайы құрылғы арқылы дайындадық, - деді № 95 мектептің оқушысы Қалымбет Ақарыс.
Тың жобалар мұнымен тоқтамайды. № 165 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бекзат Жаңабайұлы болашақтағы жасыл мектеп жобасын әзірлеген. Осылайша ол болашақта экоқалдықтарды өңдеу шеберханасын жабдықтап, өсімдіктерге бірнеше тәжірбиелер жасап көрмекші.
–Бұл жобаның мақсаты – оқушыларды экомәдениетке тәрбиелеу және мектебіміздің ауласын таза ұстап, көгалдандыру. Ал екінші жобамда күн және жел энергиясын телефон арқылы басқару арқылы тоқ көзін үнемдеуге арналады. Электр энергиясы сарқылатын дүние болғандықтан, баламалы тоқ көздерін тиімді пайдалану маңызды болып табылады. Сондықтан да осы жобам арқылы энергия көздерін басқаша әдісте қолдануды жоспарлап отырмын, - деді оқушы.
09 сәуір 2024 ж. 159 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 39

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 35

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930