Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет басшысының Қаулысымен білім мекемелеріне тарихи тұлғалардың есімі берілді

Үкімет басшысының Қаулысымен білім мекемелеріне тарихи тұлғалардың есімі берілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің қаулысымен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бірқатар білім беру және мәдениет мекемелеріне тарихи тұлғалардың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда,
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Өнер колледжі – музыкалық эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ермек Серкебаевтың есімі;
- «Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Ақан серінің есімі берілді.
- СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының «№4 Булаево орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бұдан былай - «Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталады.
- «СҚО Жамбыл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Преснов жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектеп» болып өзгерді. Сондай-ақ Ақмола облысында бірқатар білім ұйымдарының атауы өзгерді.
- «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың есімі;
- Көкшетау қаласы білім бөлімінің «ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілді.
- Сондай-ақ Степногорск қаласының білім бөлімінің «Н.Островский атындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Степногорск қаласының білім бөлімінің «А.М. Горький №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Степногорск қаласының білім бөлімінің «А.П. Гайдар атындағы №8 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Шоқан Уәлиханов атындағы №8 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Степногорск қаласының білім бөлімінің «А. Косарев атындағы №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қаныш Сәтпаев атындағы №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
Рrimeminister.kz сайтында жарияланған Қаулы мәтініне сәйкес, құжат алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.


13 қазан 2020 ж. 509 0

Ауруды аяқ арылтады

16 шілде 2024 ж. 19

Басылым бағы – оқырман

16 шілде 2024 ж. 34

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031