Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қазірде күн тәртібінен түспейтін басты мәселелердің бірі – тазалық жұмыстары. Наурыз айының басынан бастап ауданымызда екі айлық тазалық жұмыстары басталған болатын.
Бүгін Қазалы ауданы бойынша кент, қала және барлық ауылдық округтерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру шаралары, яғни жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында елді мекендерге баратын автожолдардың жиегінде өскен шөптерден тазарту жұмыстары, «Орыс қорымы» аумағы, Водокачка елді-мекеніне барар жол аумағы, Әйтеке би кентіндегі орталық көшелері және жол жиегіндегі бордюрлері әктеліп, көшедегі аяқ су арықтары тазартылды.

Аудан орталығында жүргізілген сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, Әйтеке би кентінің әкімі Мұрат Әбсұлтановқа көшелерде шығарылған қоқыстарды техникаларды жұмылдыра отырып, дер кезінде жинау қажет екенін тапсырды.
Айта кетейік, тазалық шараларына қатысқан мекемелер саны – 152, адамдар саны – 2840, техникалар саны – 48 және 46.3 тонна бей-берекетсіз қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар арнайы орынға шығарылды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
18 наурыз 2024 ж. 79 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930