Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық – баршаға ортақ

Тазалық – баршаға ортақ

Бүгіндері аса өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау мен экологиядағы өзекті мәселелер жатады. Осы жағдайға қатысты елде жаппай түрлі ауқымды шара жүзеге асырылып келеді. Табиғат байлықтарын сақтау жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі саналады. Ал қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту әрбір адамзаттың міндетіне кіреді. Туған жерімізді аялау, оны көздің қарашығындай қадірлеу ортақ іс. Бұл бағытта қаншама түсіндірме жүргізіліп, қанша үндеулер айтылғанымен туған мекеніміздің тазалығы көңіл көншітпей тұр.
Осыған орай жақында аудан орталығы – Әйтеке би кентінде, шет аймақтарында және ауылдық жерлерде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Жанқожа баба кесенесінің аумағы, Достық, Ғ.Мұратбаев, Р.Бағланова, Михайлюк көшелері және кенттің сырт жағындағы «Водокачка елді мекеніне барар жол», «Қазақ қорымы» аумағында қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің жол шетіндегі бей-берекетсіз шашылған қоқыстар жиналды. Нәтижесінде 31,6 тонна қоқыс және 26,9 тонна тұрмыстық қатты қалдық арнайы орынға шығарылды. Сенбілікке аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы шығып, аудан тазалығы баршамызға ортақ міндет екенін жеткізді.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
28 қараша 2023 ж. 446 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 134

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 125

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031