Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында жаппай сенбілік ұйымдастырылды

Қазалы ауданында жаппай сенбілік ұйымдастырылды

Қыркүйек айының үшінші жексенбісі – «Дүниежүзілік тазалық күні». Соған орай облыс әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес бүгін Қазалы ауданында жаппай сенбілік ұйымдастырылды.
Экологиялық тазалық акциясы аясында елді-мекендерге баратын автожолдардың жиегінде өскен шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, аудан орталығының орталық көшелерінде, атап айтсақ, Әйтеке би, Жанқожа, Қ.Пірімов, Я.Михаилюк, Қ.Ерімбет көшелерінде талдардың түптері балақталып, көшедегі аяқ су арықтары тазартылды.
Мұнан бөлек, теміржолшылар мен аудан тұрғындары сенбілік жұмыстарына қатысып, өз аумақтарын таза ұстауға белсене атсалысты.
Нәтижесінде барлық елді мекендер бойынша 20,3 шақырым ауыл ішіндегі аяқ су арықтары тазартылып, қоқыстары арнайы орынға шығарылды. Ол үшін 167 мекемелер, 2524 адамдар қатысып, 43 техника жұмылдырылды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сенбілік жұмыстарын аралап, тазалыққа атсалысқан жандарға алғысын айта отырып, қалдықтарды тез арада жинап алу қажеттігін айтты.
Айта кетейік, сенбілік аясында мекеме-кәсіпорындар, кент, қала және ауылдық округ тұрғындары еңбек күніне орай арнайы лозунгтар мен бильбордтар шығарып, көпшілікті еңбек адамдарын құрметтеуге шақырды.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
18 қыркүйек 2023 ж. 165 0

Ғайып болған елес ауыл

14 мамыр 2024 ж. 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031