Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дін мен дәстүр

Дін мен дәстүр

Ата-бабаларымыздың сан жылдардан бері ұстанып келе жатырған дін мен дәстүрі қазіргі ұрпақ өкілдері үшін ешқашанда ұмытылмақ емес. Дін адамға екі дүниеде дұрыс өмір сүрудің, Хақтың разылығына бастайтын ереже-қағидаларды қамтыған. Шәһи бұйрықтармен тиымдар жиынтығын құрайды. Дәстүр менталитет пен әдет-ғұрып, тұрмыс –тіршіліктің ерекшеліктері, белгілі бір қоғамдастыққа тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықпен іс әрекеттердің біркелкі сипатын білдіреді. Бүгінгі күні дін жанашырларының алдында тұрған міндет дін мен дәстүр екеуінің біріккен тұсын таба біліп, халыққа діннің де дәстүрдің де ортақ тіл табысатын игіліктерін ашып көрсету болып отыр. Сондықтан биылғы жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Дін мен дәстүр жылы деп жариялаған болатын. Халқымызда «Уықты басқұр сақтайды, халықты дәстүр сақтайды» деген аталы сөз бар. Шариғатымыз халық ұстанған дұрыс әдет-ғұрыптарға ешқашан тиым салмаған.
«Жанқожа батыр» мешітіндегі әйел-қыздар секторының бастамасымен Дін мен Дәстүр бұрышы және қол өнер мектебі құрылып өз жұмыстарын жасап та жатыр. Дәстүрлі құндылықтарды сақтап қалудың маңызды мәселе екенін кеңінен түсінген мешіттен діни дәріс алып жүрген әйелдер секторының мүшелері бұл ғұрыптарды сөз жүзінде емес іс жүзінде өте асқан шеберлікпен көрсеткендерінің куәсі болдық. Мешіттегі кең бөлмеге барлық сән салтанатымен безендірілген киіз үйдің ішіне түрлі ұлттық киімдер ілінген, қолдан жасалынған терме алаша, текемет, кілем, көрпе, жастықтар көздің жауын аларлықтай етіп төселіп орналастырылған. Үйдің бір жағына үш бірдей қол тігін машиналары мен дін әдебіне сай киінген қыз келіншектер түрлі қазақы бұйымдар тігіп жатыр. Үй ортасында жүн түтіп, ұршық иіріп, кесте тігіп отырған әйелдер ісмер ерекшеліктерімен назар аудартады. Іс-шараның кіріспесін аудан бас имамы Нұрдаулет Асқарұлы ашып бабалардан қалған әдет-ғұрыптардың өте әдемі жалғасын табуға негізделген іс шараны өткізуге ұйытқы болған ақ жаулықтыларға алғысын білдіріп қасиетті құраннан, хадистен мысалдар келтіріп салтымызды сақтап, дәстүрімізді құрметтеудің ерекшеліктері жайлы айтып берді. Діни медресенің жоғарғы білімді ұстазы Исмайл қаридың аяғын енді ғана апыл-тапыл басып жүрген баласы Мұхаммед Әлидің тұсауын кесу рәсімі өте әсерлі өтті. Ұзын төсеніш төселіп ол жерге қасиетті құран кітабы, нан, үйдің кілті және ақша қойылды да үш метрдей қашықтықтан Бас имам Нұрдаулет сәбидің тұсауын кесіп еркіне жіберді. Әрі бір жасқа да тола қоймаған сүйкімді сәби Мұхаммед Әли бірден барып қасиетті құранды құшақтап беттерін ашып сипалай бастағанын көріп ырымшыл халықтың ұрпағымыз ғой әкесі сияқты бұл балада келешек Құранды бастан аяқ жатқа оқитын қари болар деп көңілденіп қалдық. Толқыдық, кеулімізде босады. Бұл өмірден өтетініміз, мәңгілік өмірдегі азығымыз қасиетті құран аяттары екенін сезініп көздерімізге жас келді.
Іс шараны ұйымдастырып оған басшылық жасап жүрген мешіт ұстазы Өтеген қызы Зәуре бауырымыздың еңбегінің ерекшелігімен сауаттылығына, жан-жақтылығына сүйсіндік. Жасау-жабдықтармен киіз үйдің ерекше безендірілуіне еңбек еткен Айжігітова Гүлсанаға тігін машиналарының әкелініп орналастырылуына көмегін берген Айділдаева Жанатқа, Дін мен Дәстүр бұрышы мен қол өнер мектебінің ашылып бабалар ұстанған сара жолды жалғастыруға діни де қазақи тұрғыда құндылықтарымызды кеңінен насихаттауға сауатты да сауапты амалдар жасап жүрген ақ жаулықты діндарларымыз Өтегенқызы Зәуре бастаған Сариева Роза, Алиева Орынкүл, Айымбетова Күлан, Қазанғапова Нағима, Махашова Күлаш, Махамбетәлиқызы Гүлнәр, Абыт Оразкүл, Жалғасбай Сұлу, Есімбетова Камила, Айымқұлова Гүлжан, Абдуваханова Асмаларға дінге адал, дәстүрге беріктіктерің үшін Сіздерге Алланың разылығы мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) шапағатына бөлене беріңдер демекпін.
Беганыш ЖАҚСЫБАЙ
«Жанқожа батыр» мештінің баспасөз хатшысы
16 наурыз 2024 ж. 143 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031