Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда инфляция қашан 6 пайыз болады – Үкімет өз болжамын жария етті

Қазақстанда инфляция қашан 6 пайыз болады – Үкімет өз болжамын жария етті

Қазір инфляция 12,9 пайызға жетті
Қазақстанда инфляция қашан 6 пайыз болады – Үкімет өз болжамын жария етті
Фото: istockphoto.com
Қазақстан Үкіметі елдегі инфляцияны 2026 жылы 9-11 пайызға, 2027-2028 жылдары орташа 6 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырған 2026 – 2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Базалық нұсқаға сәйкес, 2026 жылы жалпы ішкі өнім нақты 5,4 пайызға өседі деп болжанып отыр, ал үш жылдағы орташа жылдық өсім 5,3 пайызды құрамақ. Номиналды жалпы ішкі өнім 2026 жылғы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін артады.
«Инфляция болжамы 2026 жылы 9,0-11,0 пайыз, 2027 жылы және 2028 жылы орташа 6,0 пайыз деңгейінде айқындалған», - деп мәлімдеді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.
Айта кетері, қазір республика бойынша инфляция деңгейі – 12,9 пайыз.
Вице-премьердің айтуынша, алдағы үш жылда ел экономикасы нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсім есебінен дамиды.
Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобалар есебінен өсім қарқыны 2026 жылғы 6,2 пайыздан 2028 жылы 6,6 пайызға дейін ұлғаяды деп болжанып отыр. Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі үш жылдағы орташа өсім 2,8 пайызды, ауыл шаруашылығында – 3,9 пайызды, құрылыста – 11,0 пайызды, көлік қызметтерінде – 10,1 пайызды және саудада – 6,7 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, болжам бойынша экспорт 2026 жылғы 77,1 млрд АҚШ долларынан 2028 жылы 83,7 млрд АҚШ долларына дейін, импорт – 67,7-ден 75,2 млрд АҚШ долларына дейін өседі.



22 қазан 2025 ж. 177 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 32

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031