Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік желілер баланың ойлау қабілетіне кері әсер етеді – ғалымдар

Әлеуметтік желілер баланың ойлау қабілетіне кері әсер етеді – ғалымдар

Фото: ©Pixabay.com
Әлеуметтік желілерде өткізілетін уақыттың көбеюі балалардың когнитивтік (танымдық) қабілеттерін – есте сақтау, сөздік қоры мен оқу дағдыларын нашарлатады. Бұл туралы JAMA журналында жарияланған зерттеу нәтижелерінде айтылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеуге 6 554 жасөспірім қатысқан. Ғалымдар 9 бен 13 жас аралығындағы балалардың әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізуі олардың оқу мен есте сақтау қабілеттерін нашарлататынын анықтаған.
Орта есеппен алғанда, 9-13 жастағы балалар күніне шамамен 5 жарым сағатқа жуық уақытын экран алдында өткізеді, оның басым бөлігі әлеуметтік желілерге тиесілі. Видеоны жай ғана көруден айырмашылығы – әлеуметтік желілер белсенді әрекетті талап етеді: лентаны айналдыру, хабарламаларды тексеру, пікір алмасу және басқа пайдаланушылармен өзара байланыс. Мұндай үзіліссіз әрекеттер ақпаратты өңдеу мен шешім қабылдауға жауапты ми бөліктерін үздіксіз жұмыс істеуге мәжбүрлейді, сол себепті әлеуметтік желілерде отыру миға үлкен психикалық салмақ түсіреді.
Зерттеу Adolescent Brain Cognitive Development (ABCD) атты ауқымды бағдарлама деректеріне негізделген. Бұл бағдарлама балалардың миының дамуы мен танымдық қабілеттерін 21 зерттеу орталығында бақылайды. Талдауға қатысқан 6 554 жасөспірімнің 51,1 пайызы – ұлдар, 48,9 пайызы – қыздар. Мәліметтер үш кезеңде жиналған: бастапқы деңгей (2016-2018 жж., 9-10 жас), бірінші жыл (2017-2019) және екінші жыл (2018-2020).
Ғалымдар балалардың әлеуметтік желілерді пайдалану әдетін талдай келе, үш топқа бөлген:
57,6% – әлеуметтік желілерді сирек қолданатындар;
36,6% – онлайн уақытын біртіндеп арттырғандар;
5,8% – әлеуметтік белсенділігі өте жоғары және үнемі өсіп отырғандар.
Балалардың когнитивтік қабілеттері NIH Toolbox Cognition Battery әдісі арқылы бағаланған. Ол тестілерге ауызша оқу, есте сақтау, бейнелерді салыстыру жылдамдығы және сөздік қоры жатты.
Нәтижесінде әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізетін балалардың көрсеткіштері төмен болған. Әсіресе тілдік және есте сақтау қабілеттері бойынша әлсіз нәтиже көрсеткендері анықталды.
Бұған дейін елімізде әлеуметтік желілердегі репост үшін айыппұл енгізілетіні туралы жазғанбыз
22 қазан 2025 ж. 168 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031