Жол құрылысы жұмыстарының сапасы бақылауда
Биылғы жылы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын Қазалы ауданында іске асыру бойынша жалпы 16,4 км елді мекен көшелерін жөндеу жоспарланған. Бұл бойынша Әйтеке би кентінде, Басықара, Жалаңтөс батыр, Майдкөл ауылдарындағы көшелерде жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатыр.Осы жұмыстарды бақылау мақсатында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әлішпен бірге Әйтеке би кентіндегі жоспарланған 19 көшенің бірі Амангелді көшесін асфальттау жұмыстарымен танысты.
Аталған көшеге орташа жөндеу жұмыстарымен «Строймодуль Астана» ЖШС айналысуда. Жөндеу жұмыстарын осы аптада толық аяқтауды жоспарлап отыр. Мердігер мекеме өкіліне және тиісті сала басшыларына жол құрылысының сапасына ерекше мән беру тапсырылды. Сонымен қатар, кенттегі Қобыланды батыр, С. Жәрімбетов, Төремұрат жырау және Нұрхатов көшелерінде де жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтау қажеттігі ескертілді.
#AMANAT














