Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан шампунь мен кір сабын экспортын екі есе арттырды

Қазақстан шампунь мен кір сабын экспортын екі есе арттырды

Соңғы 7 айда еліміз 9,4 мың тонна шампунь, бальзам, тоник, лак және шаш күтіміне арналған өзге де тауарлар экспорттады.
Фото: bytovaya-himiya.ru
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе жоғары. Ақшалай мәнде экспорт көлемі 56,1 млн долларды құрап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Басты тұтынушы Ресей қазақстандық тұрмыстық химия өнімдерін 8 есе көп сатып алып, оның көлемі 2,8 мың тоннаға жетті.
Сондай-ақ:
Өзбекстанға экспорт көлемі 1,7 есе артып, 2,3 мың тоннаны құрады;
Беларуське – 1,1 мың тонна;
Әзербайжанға – 688,4 тонна (+30,3%);
Тәжікстанға – 636,5 тонна (+42,6%);
Қырғызстанға – 637 тонна (+28%) өнім жөнелтілді.
Бұған өзге Грузия, Армения, Түрікменстан және Моңғолияға да шаш күтіміне арналған өнімдерді көбірек экспортталған.

Сабын мен душқа арналған гельдердің сатылымы да айтарлықтай өсті – 9,7 мың тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Басты сатып алушы елдер:
Өзбекстан – 6,4 мың тонна (+35,3%);
Ресей – 1,8 мың тонна (+5,5 есе);
Қырғызстан – 1,1 мың тонна (+2,9 есе).
Ал Тәжікстанға жеткізу көлемі 3 есе азайып, 237,2 тонна,
Ауғанстанға – 1,9 есе азайып, 43 тонна болды.
Жуу және тазалау құралдарының экспорты 3,2%-ға өсіп, 12,3 мың тоннаға жетті. Бұл өнімдер Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Грузияға экспортталды.

Биыл импорт көлемі де артып отыр. Қазақстанға да тұрмыстық химия өнімдері сырттан көбірек әкелініп жатыр.
Елге 32,5 мың тонна шаш күтіміне арналған өнім импортталды (+34,5%).

Негізгі жеткізушілер:
Ресей – 17,5 мың тонна (+47,4%);
Румыния – 3,7 мың тонна (+7,6%);
Италия – 1,5 мың тонна (+24,8%);
Франция – 1,3 мың тонна (+32,4%);
Оңтүстік Корея – 973,8 тонна (+39,8%);
БАӘ – 914,8 тонна (+1,5 есе);
Қытай – 904 тонна (-5,8%);
Словения – 399 тонна (+1,8 есе).
Жуу және тазалау құралдары бойынша импорт 21,7%-ға өсіп, 138,4 мың тоннаға жетті. Бұл өнімдер Ресей, Түрікменстан, Қытай, Түркия, Иран, Польша, АҚШ және Бельгиядан әкелінді.
Ал сабын мен душқа арналған гельдер импорты, керісінше, 2%-ға төмендеп, 33,7 мың тоннаны құрады.

Олардың басым бөлігі:
Ресей – 21,9 мың тонна (-10,6%),
Қытай – 3 мың тонна (+1,5 есе),
Түркия – 1,6 мың тонна (+10,9%) жеткізілді.
Сондай-ақ өнім Индонезия, Өзбекстан, Польша, Малайзия және Ираннан импортталған.
22 қазан 2025 ж. 148 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031