Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

Өрт қаупі — елдің көп бөлігінде (әсіресе: Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстары). Тұман — түнде және таңертең солтүстік пен шығыс өңірлерде. Күшті жел — Жетісу (25 м/с дейін), Жамбыл, Қарағанды облыстары. Жауын — Батыс Қазақстанда.
Фото: iStock
«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 22-24 қазанда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дауылды ескертулер сақталады:
22-24 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
22 қазанда Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 22 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескерулер күтіледі:
22 қазанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік.
22 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
22 қазанда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
22 қазанда Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
22 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қазанда түнде және таңертең Атырау облысында солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
22 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігнде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
22 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
22 қазанда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
22 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
22 қазанда Қарағанды облысында шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
22 қазанда Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қазан 2025 ж. 206 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031