Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Дін мен дәстүр» республикалық жыр мүшәйрасы жарияланды

«Дін мен дәстүр» республикалық жыр мүшәйрасы жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асыл дініміз бен ұлттық салт-санамызды ұштастырған көркем шығармалардың озық үлгілерін дәріптеу мақсатында «ДІН МЕН ДӘСТҮР» республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды, деп хабаралады baq.kz.
Мүшәйраның мақсаты сан ғасырлық тарихымыздағы дәстүрлі діннің орнын айшықтау, ислам құндылықтарын, асыл дініміз бен ата салтымызды халыққа насихаттау. ҚМДБ-ның биылғы бес жұмыс бағытының бірі «Дін мен дәстүр» бағытын жандандыру. Осы орайда ақындардың шабытын шыңдап, шығармашылық ізденісіне жол ашып, жаңа жырлардың жазылуына қолдау білдіру.
Мүшәйра шарттары:
Мүшәйраға 2 өлең ұсынылады. Өлеңдер төмендегі тақырыптар аясында жазылуы керек:
«Дін мен дәстүр» (асыл дініміз бен ұлттық салт-санамыздың ұштасқанын жыр жолдарымен жеткізу т.б);
«Соңғы пайғамбар» (Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жыр арнау);
«Бес парыз – дініміздің діңгегі» (Ислам діні мұсылмандарға міндеттеген амалдар (иман, намаз, ораза, қажылық, зекет) жайлы өлеңдер);
«Тарих пен тұлға» (қазақ топырағынан шыққан дін ғалымдары (Ясауи, Сығанақи т.б) мен ұлт қайраткерлеріне (Бейбарыс сұлтан, Абай хәкім т.б) арнау шығару);
Еркін тақырыпта жазылған өлеңдер.
Мүшәйраның талаптары:
Өлеңдер «Дін мен дәстүр» жыр мүшәйрасына деген белгімен қабылданады;
Мүшәйраға қатысушылар ішіне өздері жайлы мәлімет (аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы) қосып, өлеңдерін iman@muftyat.kzэлектронды поштасына жолдауы қажет.
Мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, өлеңдер қазақ тілінде қабылданады.
Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған өлеңдер қабылданады;
Өлеңдер Microsoft Word форматы түрінде (14 шрифт, 1,0 интервал, Times New Roman қарпі) жіберіледі.
Өлеңдерді қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінде басталып 2023 жылдың 10 тамызында аяқталады.
Мүшәйра барысы:
Мүшәйра жеңімпаздарын елге белгілі ақындар мен дін мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды.
Жеңімпаздар Мәуліт кешінде (нақты уақыты қосымша хабарланады) марапатталады.
Жеңімпаз авторлардың шығармалары республикалық «Мұнара» газеті мен muftyat.kz сайтында жарияланады.
Жүлде қоры:
Бірінші орын – Ұмра қажылығына жолдама
Екінші орын – 200 мың теңге (екеу)
Үшінші орын – 150 мың теңге (екеу)
Бұдан бөлек 5 адамға ынталандыру сыйлығы (70 мың теңгеден) беріледі.
Қосымша ақпарат үшін: +7(777) 203-96-65 (whatsapp)
31 наурыз 2023 ж. 284 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031